0:00 / 0:00
Оралда қоспәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Зачаган кенті «Сарытау» шағынауданында болды. Күлтегін көшесі, 42 мекенжайында орналасқан қоспәтерлі үйдің төбесі мен жақтаулары отқа оранды.Өрт аумағы 240 шаршы метрді қамтыды. Үш бірдей өрт сөндіру бөлімінен 12 адам, 3 техника «тілсіз жауды» ауыздықтауға жұмылдырылды. Өрт орнынан орта дәрежелі газбен уланған деген диагноз қойылған. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, өрт салдарынан қос бірдей отбасы далада қалған. Оның бірінің бес кішкентай баласы бар. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қос бірдей жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шеккен болатын.