Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жанардың сыры

c 15:35, 09/07/2019 c 1980

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың қаңтарынан бастап еліміздің аумағында "Жусан" гуманитарлық акциясы басталып, Сирияда қиын жағдайға тап болған Отандастарымызды елге қайтару ісі қолға алынған еді. Күні бүгінге дейін арнайы операцияның 3-ші кезеңі жүзеге асырылды. Жалпы алғанда 521 азамат Қазақстанға оралды. Олардың 30-ы ер, 137 әйел мен 357-сі бала. Гуманитарлық акциясының арқасында елге оралған жандардың бірі- Жанар Кужентаева. Бүгінде бес баланың анасы атанған жас келіншек өмірінің алты жылын Сирияда өткізген.

Бұл, күні кеше ғана қанды Сириядан оралған- Жанар Кужентаева. Бес баланың анасы осыдан алты жыл бұрын сұрапыл соғыстың ортасына жанұясымен бірге аттанады.

Жанар Кужентаева:

-  "Мен 2013 жылы Сирияға кеттім. Қырғыстан арқылы Турцияға жеттім. Турциядан границаны өтіп, Сирияға жеттім. Сирияға жеткенде 2 жылдан кейін, жолдасым қайтыс болды. Сосын, мен кеткім келгенде жол таба алмай жүрдім. кетуге возможность болмады."

Жат ағымның жетегінде жеткен жас ана Бәйтерек ауданына қарасты Асан ауылындағы мешітте Сирияда бастан кешкен оқиғаларын баяндады. Алты жылдың ішінде келіншек аштықты, ауруды, балалардың өлімін көзбен көріп, тұзды суды тұтынғанын айтады. Радикалды дін өкілдеріне алданған Жанар елге қайту оңай болды,-дейді. Кейіпкеріміз "Жусан" операциясының арқасында елге оралады. Ол қателіктен алған сабағын былай деп баяндайды.

Жанар Кужентаева:

- "Жеке өз басым осыншама уақыт жоғалтқаныма өкінемін. Бөгденің пікіріне құлақ аспау керек. Бірінші кезекте білім алу керек. Бұның баршасы білімнің жоқтығынан орын алды. Хадисттерді оқып, оны тура мағнасында қабылдамау керек. Имамдар мен теолог мамандармен кеңесіп, Әбу-Ханифаны ұстану қажет."

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.