0:00 / 0:00
Жәнібек ауданында 218 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Аталмыш мәселені шешу үшін аудан көлемінде 12 пәтерлі екі тұрғын үйдің жобалық сметалық құжаттары тиісті сараптамадан өтіп жатыр. Аталмыш нысандар пәтер кезегінде тұрған азаматтарға табысталмақ. Облыс орталығынан шалғай орналасқан аудан тұрғындарын жол мәселесі толғандыратыны мәлім. Аудан мен облысты жалғайтын тас жолдың жөнделуі Елбасының тапсырмасынан соң, оң шешімін тапты.
Бұл- Жәнібек ауданына қарасты Қамысты ауылындағы суландыру жүйесі. Аталмыш жүйенің жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайды. Бірнеше ауылды сумен қамтып отырған бұл жүйенің әбден тозығы жеткендіктен, күрделі жөндеу басталды. Жобаның жалпы құны 82 млн теңгені құрап отыр.
Аудан орталығында сөз алған Жәнібектің әкімі өңірдің жеткен жетістіктерін жіпке тізіп, табыстың мөлшерінің артқандығын тілге тиек етті. Бүгінгі таңда ірі қараның саны 48 мыңнан, қойдың саны 65 мыңнан асып жығылған. Сондай-ақ, ет экспорттау ісі алға басты. Аудан көлемінде 900-дан кәсіпкерлік нысаны бар. Оларда 1000-нан астам тұрғын еңбектенуде.
Жәнібек ауданының хал ақуалымен танысқан облыс әкімі аудан басшысының есебі мен бұқара халықтың пікірі мұқият тыңдап, биылғы жылдың алты айында атқарған жұмыстарын жіпке тізіп, тиісті тапсырмаларды жүктеді. Сондай-ақ, Жәнібек өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында Ғали Нәжмиденұлы күрделі мәселелермен келген тұрғындармен жүздесіп, жеке қабылдау ұйымдастырды.