Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Салықтан жалтарма

c 17:25, 04/07/2019 c 802

0:00 / 0:00

Орал қаласында 8 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Себебі олар импортталатын таураларды тасымалдау ісінде ағаттық жіберген. Оларға 404 000 мың теңге шамасында айыппұл сланыды. Бұл туралы бүгін мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары мәлімдеді. Және бүгін сала мамандары орталық базар аумағындағы бірқатар шетелдік тауар сатушы көлік иелерін тексеріп, түсіндірме шараларын жүргізді.Негізінен көршілес Ресей мемлекетінен келетін өнімдер секер мен картоп сынды тағам түрлерін тасымалдаушыларда тауар-көлік жүк құжаттары болуы міндетті және олар мемлекетке қосымша құн салығын төлеуі тиіс. Осы орайда ҚР Салық кодексінің 148-бабына және ҚР Кеден кодексінің 418-бабына сәйкес 2019 жылдың 21 маусымынан бастап, Орал қаласы бойынша импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарын тексеру басталды. Үстіміздегі жылдың 6 айында қазынаға 9 млрд. қаржы құйылған. Сәйкесінше тапқан пайдасын жасырып отырғандарда жоқ емес. Мәселен, қадағалау шаралары басталған екі апта ішінде 1 млнның үстінде қарыз өтелген. Сонымен қатар сала мамандары орталық базар аумағындағы шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмыстарын да назардан тыс қалдырмады. Өйткені, көлеңкелі экономиканың жолын кесу жолында кәсіпкерлік субъектілері онлайн кассалық апараттын билығы жылдан бастап міндетті түрде орнатуы тиіс. Алайда түрлі сылтаулармен заманауй есепқұрылғысын  қолданбай отырғандар да бар. Мәселен, «Жәрдемов» деп аталатын кәсіпкерлік иесіне бұл жолы ескерту жасалды.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 284-бабының 1-бөлігіне сәйкес бақылау-касса машинасын қолданбағаны үшін бірінші мәрте ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде ескертуге бой ұсынбаған орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.