0:00 / 0:00
Облыс территориясында жыл басынан бері есірткі бизнесіне қатысты 29 қылмыстық іс тіркелсе, 150 көлік жүргізушісі есірткіге елітіп рөлге отырған. Бұл туралы БҚО ПД қызметкерлері мәлімдеді. Маусымның 26-сы - нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күні. Бүгін осы орайда ерікті жастар шаһардағы көп қабатты үйлердің қабырғаларына жазылған мекенжайларды кетіріп орынына әдемі суреттерді салды. Бей ресми мәліметтерге сүйенсек, «Есірткіге тәуелді адамдардың 27% -ын 12-16 жастағылар құраса, 42 %-дан астамы 17-26 жас арасындағылар көрінеді. Осы орайда жастар қауымы еліміздің болашағы саналатын топ өкілдерін жалынды жас ғұмырларын саналы істерге жұмсауға шақырды. Естеріңізге сала кетеміз ерікті жастар бастамасымен көпқабатты үйлер қабырғасына жазылған белгісіз есірткі саудасымен шұғылданушылар мекенжайларының көзін құрту шаралары мамыр айында қолға алынды. Қаршадай қос қыздың бұл әрекеттері көпке үлгі болып, олардың қатарына бірнеше ерікті жас қосылған. Бір ай ішінде шамамен 100 ден аса үйдегі жазу өшірілген. Облыс бойынша жыл басынан бері есірткіні өткізудің-8 , есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаудың-15, есірткі сынаудың -2, заңсыз өсірудің - 4 фактісі тіркелген. Дәрігерлер есірткі дертімен күресті бүкіл қоғам болып қолға алу қажеттігін айтады.