0:00 / 0:00
21 маусым күні Батыс Қазақстан облысында ҰБТ сынағы басталды. Облыстық білім басқармасының мамандары таратқан ақпаратқа сүйенсек, кеше Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті ҰБТ пунктінде қалалық және облыстық мектептерінің түлектері сыннан өткен. Бүгін апелляциялық шағымдар қабылдануда. Ертең қала мен басқа аудандарда сынақ жалғасады. Облыс бойынша биыл барлығы 5032 түлек мектеп бітірсе, соның 3892-і ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген. Бұл 77,3 пайыз.