Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шалқардың күні не болмақ?

c 18:00, 24/06/2019 c 1288

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысына қарасты Шалқар көлінің жағдайы бұқара халықты алаңдатып отыр. Сала мамандары биыл аталмыш су айданыны жағадан 70 метрге шегерді. Бұның басты себебі: судың жоқтығынан,-дейді. Ал, ауыл тұрғындары көлде балық азайып бара жатыр деп дабыл қағуда.

Қолда бар алтынның қадірі жоқ. Дәл осы мәтел Шалқар көліне қарасты айтылғандай. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, биыл су жағадан 70 метрге шегерген. Бұның басты себебі, көлге құятын судың жоқтығы.

Сарыөмір ауылында туып өскен, Жарылғап ақсақал ертеректе, көл суының жағадан кетпей, балықтың алуан түрі болғандығын айтады. Алайда, уақыт өте Шалқардың балығы біртендеп азайып, қазір тіпті саны кемігендігін айтады.

Шалқардың суының аздығын арнайылап осы су айданына келген демалушылар да байқапты.

Шалқар көлі он жылдай жекенің қолында болған еді. Алайда, ол су айдынын балдырдан мүлдем тазартпағандықтан мемлекеттің еншісіне өткен. Қазіргі таңда аталмыш су айданы облыс әкімінің қаулысымен резервтік су айданына енген. Сала мамандары Шалқардың мәселесін шешу үшін бірқатар шараларды қолға алыпты.

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ. бұны айтатын табиғаттың тілі жоқ. Ия, Шалқардың суы түрлі дертке шипа болып, шетел асып теңіз іздеуге қауқары келмейтін, туған жердің суына шомылуды жөн санайытын жандардың сүйікті орыны екені де белгілі. Тарихы сонау ерте заманнан басталған су айдынын күтіп ұстау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.