Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аптап ыстық

c 16:59, 24/06/2019 c 788

0:00 / 0:00

Оралдағы аптап ыстықтан жедел жәрдемге хабарласушылар саны күрт артқан. Күніне жедел жәрдем стансасына келіп түскен қоңыраулардың саны мыңға таяған. Оның ішінде күннің ыстығынан қан қысымы көтеріліп, жүрегі ауырған, басынан күн өткен адамдардың саны да өскен. Ал синоптиктер болса, күн райы әлі де ыстық болатынын айтады. Әсіресе, аномальды ауа райынан жас балалар мен ересек адамдар жапа шегуде. «Бұл жерде балалардың жағдайына ерекше мән беру керек. Балалар өздеріне жауап бере алмайды. Сол себептен ересектер қадағалауы тиіс. Басына бас киімдерін кигізіп, көлеңкеде ойнатып күн астында көп жүрмеуін бақылау қажет», - дейді жедел-жәрдем станциясының дәрігерлері. Мәселен, күні кеше 695 шақырту түссе, оның 16-сы көшеде күн тиіп, көмекке зәру болғандар көрінеді. Ауа райын болжаушылардың айтуынша, мұндай ыстық әлі де созылуы ықтимал. Айта кетейік, аптап ыстық табиғатқа да үлкен залалын тигізіп жатыр. БҚО мен Орал қаласында қатты ыстыққа байланысты өрт қауіпінің жоғары деңгейі жарияланды. БҚО ТЖД мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек, демалыс күндері 4 өрт пен 15 жану оқиғасы тіркелген. Ал тұрғындар болса, жоғары ауа температурасынан қайда барып демаларға білмейміз дейді. Қалалық билік тұрғындарды табиғи апаттар туралы ескретпелерге баса назар аударуға шақырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.