Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

16 ауылға жаңа атау берілген

c 16:51, 24/06/2019 c 806

0:00 / 0:00

Әрбір елдімекен атауы сол жердің тұрғындарының өмір салтымен тығыз байланысты. Яғни тарихты түгендеуге жол ашады. Кездесуде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы ұлттық код, ұлттық мәселелерден туындайтын міндеттер, ономастиканың мемлекеттік тілді дамытудағы маңызы және елдімекендердің тарихи атауларын жаңғырту мәселелері талқыланды. Соңғы екі жылда облыста 16 ауыл 575 көше 13 нысанға жаңа атаулар берілген. Мәселен, Бөрлі ауданы «Бөрілі» атауынан шыққан болуы мүмкін. Орысша «Бурлинскиий» деп бұрмаланған атау кері қазақшаланғанда «Бөрлі» болып қате жазылған. Шарада лингвист-ғалым абстрактілі ұғымдарды көше атауларына беру белең алғанын тілге тиек етіп, мұның жөнсіз екенін жеткізді. Сондай -ақ, орыс тілінен аударылғандағы қателіктер салдарынан көптеген елдімекендер мәнсіз атауларды иеленіп жүргені де сөз болды. Басқосу соңында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қателіктерді ұзаққа созбай ретке келтіруге жұмыстану қажеттігін ескертті.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.