Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Полиция қызметкерлері марапатталды

c 18:29, 21/06/2019 c 1134

0:00 / 0:00

БҚО-да полицейлер мараптталды. БҚО ПД бастығы генерал майор Махсудхан Аблазимов 23-ші маусым Қазақстан полициясының құрылған күнінің құрметіне орай жеке құрамның алдына шығып, қоғамдық тәртіпті күзетіп, қылмысты ңалын алып жүрген полиция ұжымын төл мерекелерімен құттықтады. Шенділердің ішінде ҚР ІІМ мараптын алғандар да бар.

Азаматтардың амандығы мен қоғамның тыныштығын күзететін полиция қызметкерлері осы жексенбі де кәсіби мерекесін атап өтеді. Сол себепті полиция департаментінің бастығы барша құқық қорғаушылар мен антына адал жандарды тәрбиелеген қызметкерлердің ата-аналарының жинап, үздіктерді марапаттады. Мереке қарсаңында 12 қызметкер ішкі істер министрлігінің, 1319 азамат облыстық департаменттің марапатына ие болды.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 800-ден астам полиция қызметкері мен әскерилер қызмет бабында қаза тапқан. Олардың 32-сі батысқазақстандық. Бейбіт күнде өз өмірін қатерге тігіп, қылмысты болдырмай жүрген жандардың да қарасы қалың.

Елбасының 2007 жылғы бесінші маусымдағы жарлығына сәйкес, қазақстандық полиция қызметкерлері төл мерекесін 23-ші маусымда атап өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.