0:00 / 0:00
Орал қаласында автовокзалдың реконструкциялық жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары күзде аяқталады деп жоспарланып отыр. Автовокзалда төрт нысан пайда болмақ.
Бұл автовакзал 1982 жылы қолданысқа берілген. Сол уақыттан бері аталмыш нысан күрделі жөндеу көрмеді. Қазіргі таңда жолаушылардың жағдайын жақсарту мақсатта және қазіргі талаптарға сай болу үшін автовокзалдың реконструкциялық жұмыстары басталды. Жаңа салынып жатқан нысан 4 бөлікке бөлінбек.
Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ, қонақүйлердің бөлмесі көбейіп, қазіргі автовокзалдың ғимараты бизнес субьектілерге беріліп, қауіпсіздік мақсатында нысан қоршалып, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары іске аспақ.
Құрылыс жұмыстарының баршасы биылғы күзде аяқталады деп жоспарланып отыр.