Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас сарбаз

c 17:31, 06/06/2019 c 1158

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысымен қоғамдық әскери-патриотық тәрбие ісі саласындағы және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды. БҚО әкімі Алтай Көлгінов әскери-патриоттық қозғалыс жұмысын кеңінен насихаттау, ауылдық аймақтарда клубтар мен сыныптар ашу, материалдық-техникалық жабдықтармен қамту жергілікті әкімдіктермен бірге іске асырылатынын жеткізді. «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-париоттық қозғалысы» құрамына мектептің жоғары сынып оқушылары кіреді. Бүгінде қозғалыстың филалдары облыстың барлық аудандарында жұмыс жасайды. Әскери-патриоттық қозғалыс 170 мыңға жуық жасты қамтиды. Ол негізгі төрт бағытта жұмыс істейді. Бес жыл мерзімге жасалған меморандум аясында тараптар жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттаудағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасауға келісті. Өскелең ұрпаққа отансүйгіштік сезімнің, азаматтық жауапкершіліктің, еліміздің салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтің қалыптасуына бірлесе жағдай жасалмақ. Жиын соңында облыс әкіміне  әскери- патриоттық жұмыстарды жетілдіру бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің төрағасы куәлігі мен «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгісі тапсырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.