Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарты жылдық есеп

c 16:17, 05/06/2019 c 1339

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың төрт айында БҚО - да адамдар банктен 91,3 млрд теңге көлемінде несие алған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 21,5 пайызға көп. Бүгінгі таңда несие бойынша берешектің көлемі 262,1 млрд теңгені құрап отыр.

Бірінші жартыжылдықты қорытындылаған ұлттық банктың өңірдегі өкілдері биылғы жылдың бес айында 91,3 млрд теңге көлемінде несие берілгендігін айтады. Олардың 159,9 млрд теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі. Берешектің соммасы 262,1 млрд теңгедей қаражатты құрапты. Сондай-ақ, банк қызметкерлері азаматтардың депозиттеріндегі көрсеткіштің де артқандығын тілге тиек етті.

"Ұлттық банк" қазақстандықтардың баспаналы болуы үшін "7-20-25" бағдарламасын "Баспана" ипотекалық ұйымымен жасақтағаны баршаға мәлім. Қазіргі таңда облыс көлемінде осы бағдарламамен 6 банктың филиалдары белсенді жұмыс жасап жатыр. Азаматтардан бағдарламаға қатысу үшін 372 өтініш келіп түскен.

Сондай-ақ, Ұлттық банктың өкілдері бес айдың көлемінде 97 арыздың келіп түскендігін хабарлады. Шағымдардың дені жеке тұлғалардан. Азаматтар көбіне, банктердің пайыздық мөлшерлемені дұрыс есептемей деген арыздарымен шағымданатын көрінеді.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.