0:00 / 0:00
Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешіт Қасиетті Рамазан айынында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара барысында 100-ден астам отбасыға азық-түлік тауарлары табысталған болатын. Облыстың бас имамы мұның баршасы 30 күн бойы Алланың разылығы үшін ораза ұстаған жандар мен мешіт қызметкерлері және имамдарының берген пітір садақасы мұқтаж жандарға табысталып жатыр,-дейді. Қасиетті айда қалалық мешіт 200-ден астам отбасыға қолдау көрсеткен. Еліміздің түпкір-түпкірінде тағдырдың түрлі сынына тап болған жандарды қолдау мақсатында түрлі қайырылымдылық шарасы ұйымдастырылып келді. Ертең 5-ші маусым күні таңғы 6 жарымда оқылған намаздан соң, ораза айт басталады.