Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сыныптасынан соққы жеді

c 16:47, 03/06/2019 c 654

0:00 / 0:00

Экзаменді 4-ке тапсырғаны үшін сыныптасынан таяқ жеп ауруханаға түсті. Орал қаласындағы №10 мектептің 9-шы  классты  тәмамдаған Балғын Ізімгерей бүгін ауруханадан шықты. Қажетті ем-домын алып шыққан жасөспірім әлі де басының ауратынын айтады. Балғын Ізімгерейдің айтуынша оны Нұрәли есімді сыныптасы ұрған. Мемлекеттік емтиханды жақсы бағаға тапсырып шыққан Балғын Нұрәлиге «4» алғанын айтады. Осы сәтте ашуға бой берген ол,  Балғынның  бетінен басынан және көзінен ұрады. Дәрігерлер болса  жәбірленушінің  қазіргі жағдайы бірқалыпты дейді. 27-ші мамыр күні ауруханаға жедел жәрдеммен тұскен ол 3 күн бойы жансақтау бөлімінде ем алған. Өйткені тыныс алу жолдарындағы сүйектері бірнеше жерден  зақымданған.  Ал оқушының  анасы Рая болса,  ұлының  осы халге түсуіне себепкер болған Нұрәли есімді Балғынның сыныптасы заң бойынша жазалансын дейді. Қазір  сыныптастар  арасындағы жанжалдың ақ қарасын полиция анықтап жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.