Облыс аумағында мамырдың 20-сы мен 23-і аралығында "Қару" жедел-профилактикалық шарасы ұйымдастырылған болатын. Құқық қорғаушылар шара барысында 1690-нан астам қару иелерін арнайы тексерістен өткізіпті. Нәтижесінде 76 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 53 қару тәркіленген. Он күннің ішінде қару иелері олқылықтарды түзетіп, айыппұлды төлесе қаруларын қайтадан ала алады. Азаматтық қаруды үйде ұстау үшін арнайы мылтық немесе тапанша сақтаулы тұратын сейф болуы қажет. Ол сейфке арнайы дабыл жүйесі орнатылуы керек.