Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коллекциялық монета айналымға шықты

c 17:09, 22/05/2019 c 612

Қазақстан Республикасының "Ұлттық банкі" "Еуразиялық экономикалық одақ. 5 жыл" атты коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Аталмыш монеталар номиналы 50 мың теңге және 500 теңгелік алтыннан және 500 теңгелік күмістен жасалған. Монеталардың бет жағында орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монеталардың реверсінде орталық бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың ресми эмблемасы және соғылған жылын білдіретін «2019» деген сан бейнеленген. Эмблема айналасында интерференциялық түрлі түсті бейнелеу және түсті бояу технологиясын қолдана отырып орындалған таспалы ою-өрнектерден және Еуразиялық экономикалық одаққақатысушы елдердің мемлекеттік туларынан композиция орналасқан. Сондай-ақ, "Ұлттық банк" 2019 жылдың сәуірінде латын әліппиінде жазылған монеталар айналымға шықты. Жаңа монеталар 1997 жылы жарық көрген ақшалардан ешқандай айырмашылығы жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.