0:00 / 0:00
Биылғы жылы ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа «Бес бастамамен жүгіну» арқылы азаматтарға мүмкіндік жасаудың маңыздылығына баса назар аударды. Әлеуметтік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру мәселесінде түрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға негізделуі қажет. Орал қаласы әкімдігінде жұмыс берушілермен өткізілген кеңес осы тақырыпқа арналды. Еңбек және әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша жұмыстар басталды. Мәселен, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында үш ірі жоба іске қосылды. Олардың бірі - электрондық еңбек шарттарын есепке алу жүйесін енгізу. Бүгінгі таңда 206 жұмыс беруші осы электронды бағдарламаға қосылған. 2019 жылы «Еңбек қорғау жылы» деп жариаланды. Оның мақсаты салауатты және қауіпсіз жағдайларды жұмысшыға туғызу. Бүгінгі таңдағы басты мәселе - мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта қалыптастыру. Жиында осы мәселе де талқыға түсті. Қазір Орал қаласында 805 мың адам мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында есепте тұрса, солардың 450-і арбаға таңылғандар. Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Кедергісіз ортаны» құруға ерекше назар аудару қажеттігі айтылған. Кеңесте кембағал тұлғаларға арналған бейімдеу бойынша жұмыстарды жандандыру әңгіме өзегі болды. Бейімдеу қолжетімділік паспорттарға сәйкес 4 санаттағы мүгедектер үшін толықтай жасақталуы туралы айтылып, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.