0:00 / 0:00
Қазақстанда тәжірибелік базасы мықты жоғары білікті медбикелерді дайындау осыдан 4 жыл бұрын басталды. Медбике қызметінің жаңа моделін құру бойынша қанат қақты жобаны Финляндия тәжрибесі негізінде енгізілген. Медбикелерді даярлау жүйесіндегі жаңа реформа бойынша өткен жылы облыста 47 маман даярланған. Қазір Қазақстанда бағдарламаның алғашқы түлектерінің қатысуымен пилоттық жоба іске қосылған. Оған Астана, Орал, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Көкшетау, Түркістан қалаларындағы жеті медициналық колледж қатысуда. Сонымен бірге жеті көп бейінді ересектер стационары, жеті көп бейінді балалар стационары, жеті перианаталдық орталық және тоғыз емхана пилоттық жоба бойынша жұмыс жүргізуде. Облыстағы медициналық оқу орындары екі мерзімде қайта оқытуды қолға алған. Елімізде шамамен 105 мың медбике қызмет етеді. Жаңа жүйе бойынша медбикелерді қайта оқыту олардың біліктілігін арттырады. Бұрын медбикелер дәрігер көмекшісі ғана болса, бакалавриат деңгейі бар медициналық қызметкерлер тәуелсіз медбикелік тәжірибені іске асыра алады, яғни дәрігерсіз-ақ науқастарды қабылдап, олардың жағдайына баға беріп, қадағалап, медбике ретінде диагноз қойып, ақыл-кеңес бере алады, сондай-ақ ғылыммен де айналыса алады.Медбикелер дәрігерлердің жүктемесін азайтып, олардың өз жұмысын сапалы атқаруына септігін тигізеді. Әрі науқастармен жеке жұмыс жүргізіліп, емханаларда білікті мамандарға деген сұраныс азаяды.Сонымен қатар, медбике жәрдемін модернизациялау медициналық туризмді дамытуға септігін тигізіп, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына жағымды әсер етеді дейді сала мамандары.