Мерекелік демалыс күндері ауа-райы күрт жылынып, сынап бағасы отыз градусты көрсетпек. Төтеншеліктер табиғат аясында демалуды жоспарлап отырған жандарға өрт қауіпсіздігін еске салады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Орал қаласының аумағында 96 өрт оқиғасы тіркеліпті. Олардың 60-тан астамы тұрғын үй секторында орын алған. Қызыл жалынды болдырмай, табиғат анаға залал келтірмеу үшін далалық жерде және ормандарда өрт жақпаған дұрыс.