Қаламыздың түп-түпкірінде Жеңіс мерекесіне орай түрлі шара ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі шаһарымыздың базарында өтті. Әскерилер қала тұрғындары үшін соғыста қолданылған қару-жарақтың түр-түрін көрсетіп, жауынгердің ботқасын да дайындады. Ал, жергілікті өнерпаздар Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагері, бұқара халық үшін өз өнерін ортаға салған болатын.