0:00 / 0:00
Шымкент пен Ресейдің Самарасын жалғайтын "Сырым" өткізу бекетінде жолды кеңейту жұмыстары басталды. Аталмыш бекетте 8 жолақты жол пайда болмақ. Бұл өз кезегінде шекара шебіндегі кезекті жоюға ат салысып, азаматтарға қолайлы жағдай жасайды.
Бұл, республикалық маңызы бар "Сырым" бекетінің бүгінгі келбеті. Шекара шебінде тауар тасымалдайтын жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегін көруге болады. Жүргізушілер шетелге жету үшін сағаттан кезекте тұрып, күтуімізге тура келеді,- дейді.
Қазіргі таңда "Сырым" бекетіндегі мәселені шешу үшін құрылыс жұмыстары басталды. Аталмыш жұмыстар қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Ел қазынасынан өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған жоба үшін 2 жарым млрдтай қаражат бөлініпті.
Мердігер компания өкілдері 8 жолақты жолдың құрылысы бес айда аяқталады,- дейді. Жаңа нысан толықтай замануи талаптарға сәйкес келіп, шекара қызметі мамандарының саны көбейіп, қосымша 60 бейнебақылау құрылғылары орнатылмақ.
Сондай-ақ, "Сырым" бекетіндегі 8 жолақты жолдан бөлек, шекараға баратын 18 шақырым тас жол жөнделмек. Құрылыс жұмыстары үшін қыруар қаржы жергілікті бюджеттен бөлініпті.