Облыс орталығында "Дін атын жамылған экстремизм және дерадикализация" атты атаумен семинар өтті. Аталмыш шара ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған. Дін саласында түрлі сауалдарға жауап беретін, бұқара халықпен жұмыстанатын мамандардың біліктілігін арттыру үшін арнайы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінің жанындағы "Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтынының директоры Сабдин Асқар Кәлімжанұлы келіпті. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру тобында 126 адам бар. Олар түрлі салада қызмет жасайды. Өткен жылы аталмыш топтың құрамында 150-ге тарта маман болыпты.