Кеше кешкілік Оралдағы жеке сектордың бірінде өрт оқиғасы тіркелді. Актөбе көшесі 21-ші мекенжайда тұтанған қызыл жалынның салдарынан баспананың шатыры мен үй иелерінің жеке заттары жанып кеткен. Құтқару қызметіне 21:06 да хабар түсіп, 21:49 да тілсіз жау құрықталды. Әзірге өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнына №1-ші өрт сөндіру мекемесінің жеке құрамы мен техникасы жұмылдырылған. Өрт шарпыңан аумақ- 190 шаршы метр аумақты құрайды. Жыл басынан бері облыс территориясында 180 өрт оқиғасы тіркеліп салдарынан 4 адам қаза тапқан. Оның 68 пайызы жеке үй секторында болған.