Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Соғыс естілігі

c 19:40, 26/04/2019 c 819

0:00 / 0:00

Ұлы Жеңіс үшін айқасқан жандар туралы арнайы айдарымызды жалғастырамыз. Қан майданда толарсақтан саз кешіп, қиын- қыстау күнде елді жауға бермеген барша жауынгердің ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Бүгін сұрапыл соғыста жаралаған жандарға пана болып, емдеген медбике болған Алевтина Митрохинаның ерлігі жайлы баяндамақпыз. Кешегі қан майданда мыңдаған адамның өмірін сақтап қалған маман бүгінде тоқсанның төртеуіне келіпті.

Қан майданда қару асынып, елін жаудан қорғаған батыр қыздардың қарасы қалың. Ұшақты тізгіндеп, пюлюметін арқалап, мыңмен алысқан арулардың есімі тарихта алтын әріппен жазылды. Қарудан бөлек, майдан шебінде жараланған жандардың өмірін ажалдан арашалаған, бұрымдылардың қарасы қалың. Солардың бірі- Алевтина Митрохина. Ол соғыс басталған тұста 17 жаста болыпты. Бойжеткен Саратов облысынан майданға аттанған.

Мыңдаған адамның өмірін құтқарған Алевтина Тифомейқызы соғыстан кейін, Оралға келіп, медициналық оқу орында білімін жетілдіріпті. Кейін ол аталмыш білім ордасында зейнетке шыққанша, сабақ берген. Кейіпкеріміз елдің дамуына ат салысып, түрлі қоғамдық қызметте жұмыс жасады.

94 жасар Алевтина Митрохинаның ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Соғыс пен бейбіт күнде адам өмірін ажалдан құтқарған кейіпкеріміз жеңістің 74 жылдығына арналған жырымен бөліскен еді.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.