0:00 / 0:00
Биыл Ұлы Жеңіске 74 жыл! Млндаған сарбаз Отанын жаудан қорғау үшін мыңмен алысты. Мыңдаған жауынгер әскери міндетіне адал болып, майдан шебінде жан тапсырды. Олардың ерлігі тарих парағында алтын әріппен жазылмақ. Келешек ұрпақтың бақыты үшін майданға аттанған жандардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Мыңды жеңген батырлар соғыстан кейін де елдің игілігі үшін бел жазбай еңбектенген еді. Солардың бірі- Иван Болтанов.
Бұл- 93 жастағы Иван Болтанов. Ол- Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер. Ғасырға жуық өмір сүрген қарияға майданға 17-і жасында аттаған. Ол- Молдавияның тумасы. Иван Иванұлы Мәскеуден арнайы дайындықтан өткеннен кейін, жат жерде жаумен арпалысқан. Алғашында әуе күштерінде болып, кейін үлкен танктерді тізгіндепті. Ардагер 28 мәрте парашютпен секірдім,- дейді. Ол жеңісті Чехословакия түбінде 12 мамырда қарсы алған.
Кейіпкеріміз соғыстан кейін, отанына оралады. Алайда, ол араға уақыт салып, Мәскеуге қызметке тұрады. Кеңес Одағының астанасында Иван Иванұлы болашақ жарын кездестірген. Кейін, ол Қазақстанға целина арқылы келіпті. Соғыс ардагері өмір бойы жүргізуші болып қызмет жасаған.
Түрлі шайқасты көзбен көріп, соғыстан кейін елдің дамуына ат салысқан Иван Иванұлы 7-ші мамырда 94 жасқа толмақ. Қан майданда көзсіз ерлікке барып, туған елі үшін аянбаған батыр өскелең ұрпаққа бейбіт күннің қадірін біліп, ең бастысы адам болу керектігін айтады.