0:00 / 0:00
Мемлекеттік қызмет үлкен күшті талап ететін сала. Ерік жігері мол жастар мемлекеттік қызметке тартылып, елі үшін жұмыс жасауды мақсат етулері тиіс.ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр баяндамасында осы бір сөздерді айтудан жалықан емес.Оның өзіндік себебі де бар. Себебі ел ертеңі жастар деп отырған мемлекет үшін сол жастардың елдің дамуына үлес қосып, мемлекеттік басқару істеріне араласып үйренгендері керек.Қиындығы мен қызығы мол мемлекеттік қызметте жүрген біздің кейіпкеріміз де сондай жандардың бірі. Елге қызмет- абыройлы міндет.Бұл БҚО Ақжайық аудандық әкімдігінің қызметкері Фархад Уахитовтың өмірлік ұстанымы.Мемлекеттік қызметке келгеніне 5 жыл болған жас маман, бұл салаға келгеніне еш өкінбейтінің айтады.Халықпен жұмыс жасау абыройлы іс деп санайтын Фархад Уахитов қазір Ақжайық аудандық әкімдігінде бөлім басшысы болып қызмет атқарады.
Фархад Уахитовтың мамандығы қаржыгер.Білімі жоғары.Студент күнінде алған білімін қазір елдің дамуына жұмсап жүрген жастардың бірі.Күнделікті жұмысында құқық қорғау саласының мамандарымен кездеседі.Аудандағы өрт қауіпсіздігі, аудандағы тәртіп пен тазалық мәселесін назарынан тыс қалдырмайды.
Көктемгі уақыттағы су тасқынының алдын -алу шаралары барысында да біздің кейіпкеріміз жұмысы барысында судан құтқару қызметінің мамандарын кездесіп, олардың дайындықтарын пысықтауды ұмытқан емес.Ал, қазір алдымызда жаз айы болғандықтан дала өрттері көбейетін мезгіл.Осыны екерген Фархад Уахитов өрт сөндіру қызметінің жұмысын пысықтап, техникалық дайындықтарын қадағалап жүр.
Мемлекеттік қызмет үлкен шыдам мен сабырды қажет ететін жұмыс. Күнделікті өмірде түрлі тағдыр иелерімен кездесетін Фархад Уахитов алдағы уақытта да елі үшін қызмет ете беретіндігін жеткізді.