0:00 / 0:00
2019 жылы БҚО - да 50 IT сынып ашылады. Оның 20 аудандардан, ал 30-ы Орал қаласының өзінен ашылады. Мектеп қабырғасынан бастап, оқушыларға білім беру үшін өткен 2018 жылы Елбасы мен "Нұр Отан" партиясының бастамасымен айти сыныптар еліміздің түпкір-түпкірінде ашылған болатын.
Мұғалімдер IT сынып баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін керек,-дейді. Оқушылардың айти салаға деген қызығушылығы жоғары көрінеді.
Мектеп қабырғасынан бастап, өскелең ұрпақты ғылым мен білімге үйретуді көздеген жоба биыл да өз жалғасын таппақ. Биыл облыс көлемінде жаңадан 50 сынып ашылады деп жоспарланып отыр. Өткен жылы жергілікті бюджеттен он бес сыныпты жабдықтап, педагогтардың білімін шыңдау үшін 62 млн теңге бөлініпті.