Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Улау жұмыстары

c 17:13, 15/04/2019 c 937

0:00 / 0:00

Сарапшы мамандар егіннің бітік шығуы үшін уақытты жоғалтпай, барлық технологияны сақтау қажет,- дейді. Диқаншылардың алдағы жұмысқа деген дайындықтарын пысықтап, олардың білімдерін жетілдіру мақсатында арнайы семинар өткенді. Шара барысында тұқымды улау техникалары да көрсетілген еді.

Алдағы күзде егіс алқаптарынан көп өнім алу үшін қазірден бастап түрлі технологияларды тиімді пайдалану шарт. Сала мамандары бүгінгі таңда тұқымдардың баршасын улау қажет. Егер тұқымды уақытылы уламаса, диқаншылар 15-20 пайыз өнімнен құр қалуы,- дейді.

Қазіргі таңда 1 метр топырақта 150 мм-ге дейін ылғал бар,- дейді. Бұл көрсеткіштен бір гектар жерден кем дегенде 10 ц жаздық бидай алуға болады. Бірақ, кейбір диқаншылар уақытты созып, техникасын уақытылы сайламаса пайдадан тағылмақ.

Арнайы оқыту семинарына келген шаруа қожалықтары бұрында тұқымды ауру-сырқаудан аман сақтап қалу үшін дәрілеу технологиясын қолданып келгендіктерін айтады. Шаруалар соңғы зерттеулерде оң нәтиже беріп, мамандардың көңілінен шыққан дәрі-дәрмекке көп үміт артып отырғандығын да жасырмайды.

Биылдан бастап шаруаларға субсидия беру мәселесінде жаңа ережелердің жарық көргендігін айтады.

Диқаншылар алдағы екі аптада егіс жұмыстарына кіріспек.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.