0:00 / 0:00
Қазіргі таңда облыс көлемінде сүт өнімдерін өндіретін 8 зауыт бар. Олардың өнімдерін барлық дерлік сауда нүктесінен сатып алуға болады. Алайда, дүкен сөресінен нарықтың талабы мен сұранысы өзге екендігін байқаймыз.
Сүт өнімдері бірінші қажеттілік тауарына жатады. Сол себепті өнімге деген сұраныс көп. Бүгінгі таңда дүкен сөресінен түрі мен сапасы әртүрлі болатын өнімдерді сатып алуға болады. Тіпті, Ресей мен Қазақстаннан өзге шетелдік тауарды да көзіміз шалып жатады. Осындай таңдау бар кезде, бәсекеге қабілетті бола білу қиын. Бүгінгі таңда, оралдықтар қандай сүт өнімдерін тұтынады деген сауалды бұқараға жолдап көрген едік.
Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 зауыт сүт өнімдерін өндірумен айналысады. Кәсіпорындардың қуаттылығы 49 мың тоннаны құрайтын көрінеді. Жыл сайын облыста 230 мың тонна болатын сүт өндіріледі.
Мамандар келтірген дерек алаңдаушылық тудырмайтын секілді. Алайда, жергілікті сүт өнімін өндірушілер құрылғыны алмастыру керек,- дейді. Егер бүгінгі таңда тозығы жеткен құрылғы алмастырылмаса, ертең- ақ өндіріс мүлдем тоқтап қалуы мүмкін. Облыс көлемінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлер зауыттағы құрылғылар 2006 жылдан бері алмаспағандығын айтады. Зауыттың иесі өз күшіммен барлық құрылғыны алмастыру қиынға соғады, ал мемлекеттік субсидияда көрсетілген құрылғылардың тізімі кәсіпорынға сәйкес келмейді,- дейді.
Алайда, облыстық кәсіпкерлерді қолдау басқармасы бизнес субьектілерді қолдау үшін "Бизнестің жол картасы-2020" мен жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының аясында 16 млнға-25 млнға дейін несие алуғ болатындығын айтады. Бірақ, соңғы жылдары облыс көлемінде сүт өнімдерін өндіретін ешбір кәсіпкер аталмыш бағдарламаға қатыспапты.
Сондай-ақ, биыл кәсіпкерлер бір литр сүт үшін берілетін мемлекеттік субсидия 15 теңгеден 10-ге дейін қысқарғандығын айтады.
Қазіргі таңда жергілікті өндірісті жан-жақты қолдау қажет. Сонда ғана Отандық өнімнің әлеуеті артып, қосымша жұмыс орындары ашылып, бизнес дамымақ.