Жыл сайын әрбір өңірдегі мемлекеттік қызметтің көрсетілу барысы есепке алынып, жаңа жылда есептеулердің нәтижесін жариялап отырады.
2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде көрсетілген мемлекеттік қызмет 44,2 баллды көрсеткен. Сала мамандары салыстырғанда олқылықтар көптеп орын алып жатырғандығын айтады. Мәселен, өткен 2016 жылдары олқылықтың саны 50 болса, 2018 жылы қателіктердің саны 200-ден асып жығылған. Ауыл шаруашылық саласы және рұқсат беру сынды сауалдарда мемлекеттік қызмет көрсету ісі ақсап тұр. Аталмыш олқылықтарды түзету мен кешелекте мемлекеттік қызмет көрсету ісін жолға қою үшін ведомство аралық комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылды. Шара барысында әлеуметтік көмек алу мен тұрғын үй кезегіне тұру сауалы талқыланды. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарды рәсімдеп жатқан мамандар сәуірдің алғашқы күндері кеңес алуға келген жандардың қарасы көп болғандығы мен "е.халық" бағдарламасының жұмысы біраз қиындықтар туғызғандығын жеткізді.