0:00 / 0:00
Оралда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен жұмысын бастады. Ол қаладан шығарылған көң-қоқыстарды төгетін орында орналасқан. Арнайы алаңға жиналатын қоқыс автоматты түрде жұмыс істейтін екі конвейер желісіне жіберіледі. Сол жерде жұмысшылар заттарды сұрыптап, арнайы қаптамаларға салып тұрады. Осы арқылы қалдықтардың 60 пайызын қайта кәдеге жаратуға мүмкіндік туады. Кешен өндірістік қуатына толықтай көшкен кезде жылына 100 мың тоннадай қалдық сұрыпталмақ. облыс бойынша қалдықтарды орналастыруға және сақтауға арналған жер көлемі 550 гектар. Ал мұнда жиналған қоқыстың көлемі 6,1 млн. тоннаны құрайды. Облыс бойынша қалдықтарды бөлек жинау үшін 1 084 контейнер болса, Орал қаласында 767, аудандарда 317 торлы контейнер мен Ақсай қаласында қоқыстарды жинау үшін 118 бірлік жерасты контейнері қойылған. Орал қаласында финдік-қазақстандық консорциумымен қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жобасы қолға алынды. Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны консорциумға сенімгерлік басқаруға берілген Сондай-ақ қалдықтарды сұрыптау желісі құрылысын үшін 5 гектар жер бөлінді. Бүгінде үш корпустың Оның біреуі - жүктерді түсіруге, екіншісі - сұрыптау, үшіншісі - қайталама шикізат қоймасы болады. 2015 жылы полигонға 54 мың тонна қоқыс, ал биыл 43 мың тонна қабылданды. Бұған дейін полигонды ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен жылына 60 миллион теңге қаржы бөлініп келді. Облыс бойынша қалдықтарды қайта өңдеу мен жарату үлесі 3 пайызды құрайды.