Төтеншеліктер су тасқыны 2 аудан мен облыс орталығында болуы мүмкін деп хабарлайды. Яғни, Бәйтерек пен Тасқала аудандары суға кетуі мүмкін. Сала мамандарының келтірген дерегі бойынша, Бәйтерек ауданы Деркөл өзеніндегі судың биіктігі 270 саниметрді құрайды. Соңғы тәулікте су айданыны 49 см-ге көтерілген. Өзен 650 см болған кезде арнасынан шығып, ауыл-аймаққа зардап келтіретін көрінеді. Төтеншеліктер су тасқынын болдырмау үшін жедел-жасақ құрып, жұмыстанып жатырмыз,- дейді.