0:00 / 0:00
Орал қаласындағы «Мұнай» базасы маңындағы «Омега» көлік өткелін қайта салу жұмыстарының қарқыны жоспарға сай орындалуда. Құрылыс жұмыстары өткен жылы қазан айында басталған еді. Негізінен көпір пайдалануға үш жылдан кейін берілуі тиіс болатын. Қайта қалпына келтіру шараларына кедрегі болмайтын болса, жұмыстар межелі уақыттан бұрын аяқталатын түрі бар. Бүгінде көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Көлік өткелінің толықтай аяқталуы 2021 жылдың тамыз айына жоспарланғанымен, мердігер компания құрылыс жұмыстары мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа көпір екi есеге кеңейiп, көпір ені 21 метр, ұзындығы 988 метрдi құрайтын болады. Сондай-ақ көпір 4 жолақты көлік қозғалысына есептелген. Мұндай қарқынмен құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін.