27 наурызда Қызылорда облысының аумағында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының бортында жерлесіміз Сырым ауданнының тумасы капитан Сырым Мәлкейұлы да болған. Мәсәлім Сырым Мәлкейұлы 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылында дүниеге келген. Бала кезден ұшқыш болуды армандаған ол 2007 жылы мектеп бітіргеннен кейін Ақтөбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына түседі. Институтты 2011 жылы тәмамдағаннан кейін Ақтау қаласындағы әскери бөлімде қызмет атқарды. Жерлесіміздің артында жұбайы мен бір ұлы қалды. Еске сала кетейік, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырағнын хабарланды . 28 наурызда, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын мәлімдеді Сондай-ақ қорғаныс министрі Ми-8 тікұшағы құлаған жерге барған болатын. Апат орнынан 10 әскеридің денесі табылды. Марқұмның жерлеу шараларын әкімдік өз мойнына алатын болады. Бақилық болған жерлесіміздің ата-анасын Оралда тұрып жатыр.ТДК 42 телеарнасы қаза болған азаматардың отабсына қайғыра көңіл айтады.