Еліміздің аумағында 2017 жылы жастарды қолдауға бағытталған "Zhas Project" бағдарламасы биыл Ақ жайық өлкесінде іске аса бастады. Жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Алайда, шектеу тек мектеп оқушыларына арналған. Үш адамнан құрылған топ өңір үшін, ауыл-аймақ үшін ең өзекті әлеуметтік жобаны таныстыра отырып, құны 1 млн теңге болатын грантқа ие болмақ. Бағдарламада екі қолға бір күрек таба алмай жүрген және қам көңіл жандарға көп басылымдылық берілмек. Яғни, грант ұтып алған топ алты айдың көлемінде әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған жандарға тегін қызмет көрсетуі тиіс. Жоба іске асқан тұста, әлеуметтік бағдарламаны қолға алған жандарға арнайы мамандар көмекке келмек. Қазіргі таңда облыс бойынша 20дан астам топ өз ұсынысын жолдап үлгерген. Олардың басым көпшілігі ауыл шаруашылық саласын таңдапты. Өткен жылы әлеуметтік жобаны Қызылорда облысы көп ұсынып, 300-ге жуық қайтарымсыз гранттың иегері болған.