Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

65 жасқа дейін түрмеде отырады

c 16:57, 28/03/2019 c 491

Бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі  сотында ірі көлемді есірткі саудасына қатысы бар Асқар Мұхамбетовке үкім шықты. 55 жасар ер адам есірткі бизнесімен шұғылданғанға  дейін, бұзақылық әрекеті бойынша бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылған.  Оқиға былайша өрбиді. Осыдан бір жыл бұрын Мұхамбетов Жаңақалада тұратын досы Құспановтың қонақтыққа барады. Екеуі өзара әңгіме барысында Мұхамбетов өзінде  1 келіден аса кептірілген марихуанының бар екенін айтып,  оңай олжаға қарық болудың жоспарын құрады. Осылайша Құспанов бұл  кәсіпке  облыс орталығында тұратын жиені  Омаров Шамилді тартады. Мәселеге қанық болған ол өнімді сатып алатын таныстарының бар екенін айтады. Осылайша екеуі облыс орталығында кездесіп, 1 келі 700 грамм есірткіні  «Toyota Camry» автокөлігіне ауыстырмақ болады. Олардың бұл әрекеті ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдерінің араласуымен әшкере болды. Қара базарда  шамамен 1 келі 700 грамм  марихуана 3 млн. теңгені құрайды. БҚО мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бахыт Ермаханов атап өткендей қылмыскер Мұхамбетов енді өмірінің 10 жылын  қатаң тәртіптегі  түзету мекемесінде өтейтін болады. – Қылымыскер Мұхамбетов ҚР ҚК  297 бабының 3 бөлігіне сәйкес есірткі, психотроптық заттарды,  заңсыз дайындау дерегі бойынша айыпты деп танылды. Ол тергеу амалдары барысында өз кінәсін толықтай  мойындады. Аталған бап бойынша  10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Дегенмен күдікті өз кінәсін толықтай мойындап, өкінуі және 80 жастағы егде жастағы анасының бар екені ескеріліп, ең төменгі жаза 10 жыл  бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.