Бүгін таңертең «Депо» көпірінің астынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Шамамен жасы 70 тен асқан қария шамамен түнгі мезгілде жан тапсырған. Оның денесін кездейсоқ сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар байқап, тәртіп сақшыларына хабар берген. Ал мәйітке қарап, оның үй күйі жоқ кезбеге ұқсайтынын да атап өту керек. Қазір марқұмның кім екені анықталуда. Денесі сот медициналық экспертизаға тапсырылған. Бұл оқиғаны облыстық ПД баспасөз қызметі де растап отыр.