0:00 / 0:00
4 жасар Азалия Николаева өте сирек кездесетін генетикалық муковисцидоз сырқатына шалдыққан. Бүлдіршінге бұл диагноз 9 айлығында қойылыпты. Азалияның өкпесі мен асқазанында ақау бар. Сирек кездесетін генетикалық дертке душар болған сәби жыл сайын денсаулығын жақсарту үшін Алматыға барып, ем-дом қабылдайды. Бүлдіршін күн сайын ас қорыту үшін 1 қорап "креон" мен жөтелін басу үшін "тоби" дәрісін қабылдауы шарт. Алайда, өткен жылдың мамыр айынан Азалия жөтелді азайтатын шетелдік дәріні қабылдамапты.
4 жасар Азалия күн сайын ингаляция жасап, жөтелін басу үшін ем-дом қабылдайды. Кішкентай бүлдіршін елімізде өте сирек кездесетін муковисцидоз дертіне шалдыққан. Бұл дерт тұқымқуашылықпен беріледі. Кішкентай қыз бала үнемі жөтеліп, асқазаны ішкен тағамын дұрыс қорықпайды. Оның жөтелін басу үшін құны бір млн тұратын шетелдік дәріні қабылдау керек.
Генетикалық сырқатқа шалдыққан бүлдіршіннің анасы өткен жылы асқазанға арналған креионды тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімінен шығып қалғанымен, қайырылымдылық ұйымдары арқылы аталмыш дәрі тегін берілгендігін айтып берді.
Денсаулық сақтау басқармасының мамандары құны млн теңгеден асып түсетін дәрі мемлекет бекіткен тегін дәрі-дәрмектердің тізіміне енбейтіндігін атап өтті. Алайда, облыс көлемінде осындай сырқатпен тіркелген жалғыз бүлдіршін болғандықтан оның ем-домы, яғни шетелдік дәріні сатып алу үшін қаражат жергілікті бюджеттен бөлініп келген.
Ал, Азалияның анасы сұраған креон дәрісі сәуір айында берілмек.
Сала мамандары Азалияның дертіне көмектесетін "тобрамицин" дәрісі наурыз айының аяғында беріледі,- дейді. Ал, 18 жасқа толғаннан кейін, оның өкпесіне ота жасауға болатын көрінеді. Қыз баланың денсаулығын түрлі дәрі-дәрмек арқылы жақсартып, бүлдіршіннің өмірін ұзартуға болады. Оның жөтелін азайту үшін уақытылы шетелдік дәрі-дәрмекті қабылдаудың маңызы зор.