0:00 / 0:00
Премьер- министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Ақ жайық өлкесіне жұмыс сапарымен арнайы келді. 2019 жылдың ақпанынан бастап, вице-премьер лауазымына тағайындалған ол облыс көлемінде орын алуы мүмкін көктемгі тасқынына дайындық жұмыстарымен танысты.
Батыс Қазақстан облысына арнайы келген үкімет басшысының орынбасары көктемгі тасқынның алдын алу мен оны болдырмау үшін қолға алынған жұмыстардың орындалу қарқымен танысқан болатын. Облыста орын алған жағдай туралы вице -премьерге бірінші болып төтенше жағдай департаментінің бастығы баяндады.
Қала әкімі биыл қыста 1 млн куб қар шығарылғанын айтып берді. Облыс орталығындағы ақ ұлпаны жинау үшін 250 техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда шаһарымызда орналасқан 6 полигон толық. Сол себепті арнайы 7-ші қар шығаратын полигон өз жұмысын бастапты.
Ақпан айынан бастап, облыс көлеміндегі су айдындарында мұз кесу жұмыстарын бастады. Төтеншеліктердің келтірген дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда 215 мың куб болатын мүз арнайы техниканың көмегімен ойылған. Сала мамандары мұз кесу жұмыстары Қазталов, Тасқала мен Бәйтерек аудандарында толығымен аяқталды,-дейді.
Облысқа қарасты бірқатар аудандарда қар әлі ерімеген. Сала мамандары Орал қаласында тоң 2 см-ді құрайды. Өткен жылы осы уақытта бұл көрсеткіш 126 см болғандығын айтады. Қазіргі таңда Тасқала ауданы бойынша қардың биіктігі 48 см, ал облыс орталығында ақ ұлпаның биіктігі 33 см-ді құрап отыр.