0:00 / 0:00
Бүгін қала орталығында көп қабатты пәтердің бірінші қабатында өрт шығып, 5 адам медициналық көмекке жүгінді. Ал тілсіз жаудың тұтану себебін тұрғындар газ плитадан құлап кеткен ыдыстан болуы мүмкін екенін айтады. Евразия 56 мекенжайында тілсіз жаудың орын алғаны туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне түскі уақыт 12 лерде түскен. Оқиға орнына жедел қызметтің 5 техникасы мен 23 қызметкері келіп 15 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Тілсіз жау жарты сағатта ауыздықталған. Оқиға орнына келгенімізде егде жастағы қарияны ауруханаға алып кетті. Сонымен қатар жасқа толмаған сәби де уланған. Тағы екі әйел адамға дәрігерлер үйден көмек көрсетті. Сала мамандары оқиғаның мән жайы анықталу үстінде екенін мәлімдеді.