0:00 / 0:00
БҚО - да Наурыз айының 15-17 аралығында өткен "Балалар түнгі қалада" атты жедел профилактикалық шарасы аясында 123 бала қолға түскен.Олардың ішінде біреуі қылмыс жасап жатқан сәтінде полицияның қолына түссе, екі бала ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылған.Айта кетейік балалар арасындағы қылмыспен құқықбұзушылықтын алдын -алу мақсатында өткізілген рейд шарасы аясында полицияның көзіне түскен балалардың бәрі де 18 жасқа толмаған балалар.Үш күнге жалғасқан рейд барысында облыс бойынша 123 бала полиция бөлімшесіне жеткізілген.Соның ішінде Орал қаласы бойнша 53 бала полиция басқармасына әкелінді. 18 жасқа толмаған балалар түнгі 23:00- ден кейін көшеде ата -анасынсыз жүруге болмайды. Бірақ соған қарамастан рейд барысында Орал қаласының көшелерінде серуендеп жүрген балаларды кездестірдік. Полицияның қолына түскен балалардың ата -аналарына әкімшілік хаттама толтырылатын болады.
Балалар көбіне түнгі клубтар, компьютер клубтары, кино театрларын жағалап жүреді. Үш күн ішінде Орал қаласының өзінде 47 бала әкімшіліқ құқық бұзушылық жасап, бір бала ұрлық жасап жатқан жерінен қолға түскен.Ал, бес бала қайыр садақа сұрап, қаңғып жүрген жерінен ұсталып, оның төртеуі балаларды уақытша бейімдеу орталығына жеткізілген.
Осы шаралар аясында облыс бойынша жағдайы төмен 16 отбасы полицияның тіркеуіне алынған. Ол отбасыларда 21 бала тәрбиеленіп жатыр.Он сегізге толмаған бала үшін тек ата- анасы ғана жауап береді, осы ретте БҚО бойынша ата - аналық міндетін дұрыс атқармаған 13 ата - ана жауапқа тартылған.Түнгі уақытта балалары көшеде жүріп ұсталған ата -аналарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып,айыппұл салынды.