0:00 / 0:00
Жаңадан тағайындалған білім және ғылым министрі өткен жылы өз жұмысын бастаған №50 мектептің ұстаздарымен кездесті. Кездесу барысында бас педагог елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған жандарды қолдауға арналған бағдарламаларды түсіндіріп болғаннан соң, білім беру жүйесіне тоқталды. Министрдің сөзінше, алдағы үш жылда 144 мың ұстаз өз біліктілігін арттырмақ. Сондай-ақ, 85 мыңдай психолог та заман талабына сәйкес білімдерін шыңдайтын болды. Бас педагогдың тоқталған келесі сауалы үш тілде білім беру процесі еді.
Бас педагогтың аралаған нысандарының бірі- жекеменшік балабақша.Нысан өз жұмысын 2015 жылы бастаған.
Бүгінде балабақша қабырғасында баланы жан-жақты тұлға ретінде дамыту үшін шахмат, құм терапиясы, компьютерлік сынып жасақталыпты.
Қазіргі таңда облысымыз бойынша 60 астам жекеменшік балабақша бар. Олардың қабырғасында мыңдаған сәби тәрбиеленіп жатыр. Бүгінде кезекті жою үшін қолға алынған жоба мемлекеттік-ж
0:00 / 0:00