0:00 / 0:00
Төтенше жағдайдың алдын алу шарасына 50 ден аса төтенше жағдайлардың алдын алу мамандарымен, "Жас отан" жастар қанатының бірнеше еріктісі қатысты. Жастар қолындағы жаднамаларда су тасқыны бола қалған жағдайда қарапайым халықтың қалай әрекет етуі жөніндегі ақпараттар жазылған.Сала мамандарының келтірген мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы Жайық өзенінің көтерілген су деңгейі 23 мамырда 588 сантиметрді құраса биылғы жылы ылғал мөлшері көп болуға байланысты сәуір айында одан да жоғары болады деген болжам бар. Қазіргі таңда орал қаласынан шығарылған қар мөлшері 1 млн.363 мың тонна текше метрдени асты. Бұл былтырғы жылығы осы кезеңмен салыстырғанда 7-8 есеге көп. Сонымен қатар өзендердегі мұздың кептелісіне жол бермеу мақсатында 112 760 шаршы метр аумақта 5145 шұңқыр жасалған. Бұл бағыттағы кешенді жұмыстар әлі де жалғаса беретін болады.