Ақ жайық өлкесіне ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рысгельдинов табан тіреді. Комитет төрағасы еліміздің аумағында орналасқан ең үлкен бекіре балығын өсіріп,уылдырық алатын зауыттың тұрмыс- тіршілігімен танысты. Табиғи жолмен уылдырық алатын кәсіпорын қабырғасында 40 мыңға жуық балық бар. Зауыт балық өсіруге арналған барлық құрылғымен жабдықталған. Сала мамандары өткен жылы 50 тонна уылдырық өндірілді. Өндірілген өнімнің дені Қазақстандық нарыққа сатылды,- дейді. Балық зауыты жайлы толығырақ келесі жаңалықтар топтамасында.