0:00 / 0:00
№43 қоғамдық көлік жаңадан 7 темір тұлпармен толықты.
Өткен жылы қалалық әкімдік пен тасымалдаушы компания иелері келісе отырып, тозығы жеткен автобустарды біртіндеп алмастыра бастады. Күні бүгінге дейін жолаушыларды тасымалдап жүрген 35 автобус алмасты. 2019 жылы да бұл үрдіс өз жалғасын тапқандай.
Жаңадан іске қосылатын автобус- Ресейдің өнімі. Тасымалдаушы компания өкілдері әрбір темір тұлпардың құны 21 млн теңгеге бағаланғанын айтады. Вектор маркілі автобус 70 жолаушыны тасымалдай алатын мүмкіндікке ие.
Орал қаласында жолаушыларды тасымалдайтын 6 компания бар. Олар өз қаражаттарының есептерінен тозығы жеткен автобустарды алмастыруы шарт. Тасымалдау ісімен айналысып жүрген кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауына ие.