0:00 / 0:00
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттігінің өкілдері жұмыс тобы құрылған уақыттан бері қоғамдағы әр түрлі мәселенің шешімін тауып, бірқатар заң бұзушылыққа жол бермеген. Бұл туралы бүгін мониторинг топ өкілдері БАҚ кездесуде мәлімдеді. жылы арнайы мониторинг тобының 6 отырысы өтіп, 16 сұрақ көтерілген. Файсбук әлеуметтік желісінің білім беруді қоғамдық бақылау парақшасына келіп түскен мәселелер бойынша мониторингтық топ жұмыстанып, 50 астам ата-ана мен балабақша балаларының құқығы қорғалыпты.Студенттік жатақханаларға да мониторинг жүргізіліп, бекітілген нормадан артық студенттердің тұруы, соның ішінде басқа оқу орнынан келу фактісі анықталған.Өткен жылдың соңында «Сырым» шекара бекетінде жүк автокөліктерінің кептілісі болған сәтте мониторинг тобы өкілдері тексеру жүргізіп тас жолдағы қалың қардың тазартылмағанына көз жетікізілген. Сондай-ақ, ауыл аймақтарды да аралап, тұрғындар тарапынан туған сан сауалдың да шешімі табылған. Агенттіктің 1424 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс жасайды. Яғни елдіміздің кез-келген азаматы сыбайлас жемқорлық көріністері ақпараттарды хабарлай алады.