0:00 / 0:00
Осы уақытқа дейін қала аумағына түскен қарды аршу бойынша жұмыстар жасалып, қар таситын 5 аумақтың 3 еуі, атап өтсек Асан, Телецентр мен Желаев трассы бойындағы карер ақ ұлпаға лық толып, бүгінде Зачаганскідегі Балауса мен ПДП-1 аумағындағы арнайы орынға тасымалдануда. Коммуналдық мекемелер тәулік бойы жұмыс жасап, шаһардағы 92 шақырым арықтың 70 пайызын тазартқан. Осыған дейін, алдыңығы кезекте су басу қауіп бар аумақтар қардан тазартылса, екі күннен бері шаһардың өзге аймақтарына қар шығару жұмыстары қолға алынып, күні бүгінге дейін облыс орталығынан 840 мың текше метр қар арнайы орындарға тасымалданған. Сала мамандары өткен аптаның алтыншы күнінде қолға алынған сенбіліктің септігі зор болды дейді. Дәл қазіргі кезеңде коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлері мен 20 шақты су сору көліктері еріген қар суын сорғызу жұмыстарына жұмылдырылған. Бұған қоса кәсіпорынның бірнеше техникасы мен өзге де вакумдық сорғы құралдары да осы мақсатқа пайдаланылуда. Айта кету керек кешеден бері 1200 текше метр қар суы сорылған.
Қазір облыс аумағындағы тасқын қаупін сейілтуге жауапты барлық қызмет түрлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Өзен-көлдерде сеңнің тез жүруін қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар да жасалуда. Автожолдар бойындағы ағын судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ететін арнайы құбырлар та тазартылуда.