0:00 / 0:00
Алдағы күндері облыста көктемге тән тұрақсыз, құбылмалы ауа-райы күтіледі. Орташа температура нормадан 1-2°С жоғары. Наурыз айының ортасынан бастап ауа температурасы көтеріледі деген болжам бар.
Күн райының күрт жылынуынан өзен-көлдердегі мұз ерте еруі мүмкін. Егер бірден күн жылынса, тасқын қауіпі төнуі ықимал.
Қазір өзен көлдердегі судың еру деңгейі мен гидрологиялық сараптама күн сайын қатаң бақылауға алынған. Сол себепті саяжай тұрғындары мен тасқын су қаупі бар аудандар халқының құлағы түрулі болғаны дұрыс.