0:00 / 0:00
Батысқазақстандық өрен - Ержан Максим «Голос. Дети» ресейлік байқауының келесі кезеңіне жолдама алды. Қазір әлеуемттік желі мен БАҚ жарыса жазып жатқан жеткіншек Оралдағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясында оқиды.Айта кетейік, осыған дейін 11 жастағы оралдық әнші 2018 жылы Қазақстанда өткен Junior Eurovision байқауына қатысқан.Қазақстандық Ержан Максим ресейлік «Голос. Дети» тележобасына қатысып, танымал әншілерді зор дауысымен таңғалдырды. 11 жастағы Ержан жобаға қатысу үшін Оралдан Мәскеуге арнайы барған. «Голос. Дети» жобасында ол танымал италиялық опера әншісі Андреа Бочеллидің әнін тамылжыта орындады.
Оның әнді шырқаған видеосы «Youtube» желісінде жарияланды. Аталмыш видеоны қазақстандық өнер иелеріне қоса, әлемге танымал шоу бизнес өкілдеріне қоса, Димаш Құдайбергеновте жарыса жазып, жас таналатқа ақ жарма тілектерін жаудыруда. Ал, Ержанның әкесі Ербол болса, жобаның келесі кезеңі алдағы дүйсенбі өтетінін оған ресейлік туындыны таңдағанын айтады.
Ержанның әнді нақышына келтіре орындауы ресейлік танымалар әншілерді тәнті етті. Тележобаның әділ қазылары Валерий Меладзе, Светлана Лобода, Пелагея 11 жастағы баланың музыкалық қабілетіне жоғары баға берді. Қазақстандық әнші «Голос. Дети» конкурсындағы тәлімгері ретінде Валерий Меладзеді таңдады. Ал, Максим бола инстагарм желісіндгі жеке парақшасында «Мінеки инстадостар, өздеріңіз көріп куə болдыңыздар! Мен Валерий Меладзені таңдадым! Алда əлі жұмыс көп! Баршаңызға үлкен рахмет! Енді » Жекпе-жекте» кездескенше», - деген. Ендеше жерлесімізге сәттілік серік болғай.